2025 жылғы 11 қараша күні Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі мен заң департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Басшының этикасы, мінез-құлық қағидалары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді

2025 жылғы 11 қараша күні Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі мен заң департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Басшының этикасы, мінез-құлық қағидалары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді

11.11.2025 16:50:49 50

Іс-шараның мақсаты – ұжымда адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарына негізделген тиімді корпоративтік мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және этикалық мәдениетін арттыру болып табылады.

Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:
• Басшының этикасы және бағыныстылармен қарым-қатынас кезінде назар аудару, құрмет көрсету және бастамашылықты қолдау;
• Қызметтік мінез-құлық нормаларын және іскерлік этикет ережелерін сақтау;
• Этикалық тәуекелдердің алдын алу және бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар;
• Негізгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттар: процестердің ашықтығы, қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалануға жол бермеу, жеке жауапкершілік;
• Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлау тәртібі және хабарлаған тұлғаларды қорғау кепілдіктері;
• Еңбек тәртібін сақтау, қызметтік уақытты тиімді пайдалану, жұмыс уақытынан тыс тапсырмаларды тек ресми бұйрық негізінде орындау;
• Мемлекеттік органдар ғимараттарында темекі шегуге тыйым салу;
• Отбасылық және ұлттық дәстүрлерді сақтау мен құрметтеу, жастарды адалдыққа, еңбекқорлыққа және үлкенге құрмет көрсету рухында тәрбиелеу.

Семинар соңында басшының жеке үлгісі ұжымда сенім, адалдық және жоғары қызметтік мәдениет атмосферасын қалыптастырудағы маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1103049?lang=kk