Оңайлатылған ҚҚС қайтару тәртібі

Оңайлатылған ҚҚС қайтару тәртібі

11.11.2025 18:21:02 25

Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінде 2026 жылдан бастап қосылған құн салығын (ҚҚС) қайтаруды оңайлату көзделген.

        Қолданыстағы нормаларға сәйкес ҚҚС-ты қайтарудың оңайлатылған тәртібі салық төлеушілердің жекелеген санаттарына-бекітілген тізбелерге енгізілген ірі кәсіпорындарға, өндірушілер мен экспорттаушыларға қатысты ғана қолданылады. Қазіргі уақытта мұндай компаниялардың саны шамамен 40-50.

       Жаңа жылдан бастап барлық экспорттаушылар ҚҚС-ты оңайлатылған қайтару құқығын алады, олардың саны 1000-нан асады.

ҚҚС-ты оңайлатылған тәртіппен қайтару тексеру жүргізілмей 15 жұмыс күні ішінде, бір мезгілде мынадай:

  1. қайтару туралы талап берілген күні орындалмаған хабарламалардың болмауы;
  2. талап берілген күннің алдындағы 12 ай үшін салықтық тексеру нәтижелері бойынша қайтаруға расталған ҚҚС асып кету сомасының болуы шарттары сақталған кезде жүзеге асырылады.

      Қайтару сомасын айқындау салықтық тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылатын болады, бұл ретте негізгі бағдар алдыңғы салықтық тексерулердің нәтижелері болады.

      Сондай-ақ ҚҚС қайтару бойынша тексеру тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Сонымен, егер бұрын "Пирамида" есебі ҚҚС қайтарудан бас тартуға әкеп соқтырған барлық жеткізу тізбегіндегі бұзушылықтарды анықтау үшін пайдаланылса, онда 2026 жылдан бастап бұл есеп тәуекелді аймақтарды анықтау құралы ретінде қолданылатын болады.

       Анықталған тәуекелдер бойынша қарсы тексерулер тағайындалады және тікелей жеткізушілерде бұзушылықтар расталған жағдайда ғана дебеттік сальдо сомалары қайтаруға расталмайды.

       Қабылданған өзгерістер салық рәсімдерінің ашықтығын арттыруға, ҚҚС қайтаруды жеделдетуге және бизнеске әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған.

            Анықтама үшін: ҚҚС-тің асып кетуін қайтару қағидалары ҚР ҚМ ағымдағы жылғы 30 қазандағы № 649 бұйрығымен бекітілген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1103205?lang=kk