Мажарстандағы ең ірі құрама жем өндірушісі және дистрибьюторымен ынтымақтастық

Мажарстандағы ең ірі құрама жем өндірушісі және дистрибьюторымен ынтымақтастық

11.11.2025 20:11:34 105

Будапешт, 2025 жылғы 7 қараша – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы «UBM Group» компания тобының Бас атқарушы директоры П.Хорватпен кездесу барысында мажар компанияның Қазақстандағы инвестициялық жобалары мен компания басшыларының Астанаға жоспарланған іс-сапар талқыланды.

Мажар компаниясы Қазақстанда құрама жем және премикс өндіретін зауыттар салу бойынша ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарауда. Жобаның бірінші кезеңінде Алматы облысында премикс зауыты және Қостанай облысында құрама жем зауытының құрылысы қарастырылған.

«UBM Group» тобы қазіргі уақытта 16 компаниядан тұрады және Мажарстандағы ең ірі астық саудагерлерінің, құрама жем өндірушілері мен таратушыларының бірі болып табылады. Компания 28 жылдан астам уақыт бойы Мажарстанның жем өндірісі саласында белсенді қызмет атқарып келеді.

Мажарстандағы Қазақстан Республикасының Елшілігі бірлескен бастамаларды іске асыруға мүдделі мажар компаниялармен өзара іс-қимылды кеңейтуге ниетті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1103237?lang=kk