Қырағылық танытқан ұландық 10 телефонды колонияға кіргізу әрекетінің жолын кесті

Қырағылық танытқан ұландық 10 телефонды колонияға кіргізу әрекетінің жолын кесті

13.11.2025 12:00:40 137

ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары шеңберінде Ұлттық ұлан әскери қызметшілері қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің күзетін күшейтті.

2025 жылдың басынан бері ҚАЖ мекемелеріндегі бақылау-өткізу  пунктерінде тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқан 36 дерек анықталды. Оперативтік жағдай көрсеткендей, Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің полиция департаменттерімен және ҚАЖ департаменттерімен бірлескен тәулік бойғы патрульдік қызметі мекемелерге тыйым салынған заттардың жеткізілу арналарына тосқауыл қоюда оң нәтижесін көрсетуде.

Осылайша, аталған кезеңде тыйым салынған заттарды өткізудің 128 әрекеті анықталды. Оның ішінде 7 дерек ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану арқылы іске асырылмақ болған.

Бұл тұста №55 мекемесін күзету барысында әскери қызметші тарапынан көрсетілген жоғары сақтықты ерекше атап өткен жөн.

2025 жылғы 11 қарашада, сағат 15:00 шамасында, Ленгер қаласында орналасқан мекеменің аумағына кіріп келе жатқан автокөлікті тексеру кезінде бақылау тобының сарбазы қатардағы Әділет Нұрланұлы әдейі цемент салынған қапта жасырылған тыйым салынған заттарды анықтады.

Тексеру нәтижесінде:

10 ұялы телефон;

11 SIM-карта;

2 қуаттау құрылғысы тәркіленді.

Айта кетсек, күн сайын шамамен мыңға жуық ұландық мекеме аумағына тыйым салынған заттардың өткізілуіне жол бермеуде.

Бұл жағдай Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қырағылығының мен кәсіби дайындығының жоғары деңгейде екенін дәлелдейді. Олар күнделікті қызметте ҚАЖ  бөлімшелерімен тығыз өзара әрекеттесе отырып, мекемелердегі қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз етеді.

 

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1104420?lang=kk