Мүліктік табысты төмендету фактілері бойынша камералдық бақылау хабарламалары
13.11.2025 15:40:49 70
Мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың салықтық міндеттемелерін толық орындауын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде салықтық әкімшілендіру жүргізеді.
Бақылау шараларын жүргізу барысында мемлекеттік кірістер органдары уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара әрекеттеседі.
Уәкілетті органның деректерін ұсынылған салық декларацияларындағы мәліметтермен салыстыру нәтижесінде 2024 жылға мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен алынатын табыстарды (мүліктік табысты) төмендету фактілері анықталып хабарламалар жіберілді.
Хабарламаны орындау мақсатында салық төлеушілер өз бетінше есептелген салықтарды төлей отырып, салықтық есептілікті ұсынуы немесе келіспеген жағдайда түсіндірме беруі қажет.
Хабарламаны орындау мерзімі – 30 жұмыс күні.
Мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен алынатын табыстарды қоса алғанда, табыс алынған жағдайда салық төлеу қажеттілігін еске саламыз.
Аталған міндеттемелер Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Салық кодексімен белгіленген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1104656?lang=kk