Қазақстан БҰҰ ЕЭК-мен ынтымақтастығын нығайтуда

Қазақстан БҰҰ ЕЭК-мен ынтымақтастығын нығайтуда

14.11.2025 08:00:48 83

Женева, 2025 жылғы 12 қараша – БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесі жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Ержан Қазыхан БҰҰ Еуропа үшін экономикалық комиссиясының (ЕЭК) Атқарушы хатшысы Татьяна Молчанмен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық пен Қазақстанның экономикалық даму басымдықтарын талқылады.

Елші Е.Қазыхан Қазақстан БҰҰ ЕЭК Бюросы Төрағасының орынбасары ретінде Комиссия қызметіне тұрақты түрде қолдау көрсететінін, сондай-ақ көлік, экология, трансшекаралық су ресурстары, энергетика және критикалық минералдар салаларындағы бірлескен жобалардың  кезең-кезеңмен жүзеге асырылуын атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасы (СПЕКА) аясындағы басым бағыттарды, Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке дайындық, сондай-ақ халықаралық көлік дәліздерін кешенді дамытудың жаңа әлеуетті бастамаларын талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1105086?lang=kk