ҰРПАҚҚА МҰРА ҚАЛДЫРҒАН БИ АҒА!

ҰРПАҚҚА МҰРА ҚАЛДЫРҒАН БИ АҒА!

14.11.2025 18:10:51 71

14 қараша күні қазақ әдебиетінің классигі, жерлесіміз Бейімбет Майлиннің туған күніне орай орталық аудандық кітапхананың оқу залында жыл сайын өтетін аудандық «Майлин оқулары» атты көркемсөз оқу байқауы өтті. Байқау аудан мектептерінің 7–11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Ереженің талабы бойынша қатысушылар Б. Майлиннің прозалық шығармаларынан қазақ немесе орыс тілінде үзінді оқу  болды.

Байқаудың мақсаты – Б. Майлиннің әдеби мұрасына деген қызығушылықты арттыру, аудан оқушылары арасында кітап оқуды насихаттау.

 

Байқауға Әйет ауылы, Тобыл кенті, Асенкритовка ауылы, Май ауылы, Новоильиновка ауылы, Байшуақ ауылы, Валерьяновка ауылы және Красносельское ауылынан 17 оқушы қатысты.

Барлық қатысушылар жақсы дайындықпен келген, дегенмен байқау болған соң жеңімпаздар анықталды.

Қазылар алқасының шешімімен:

1-орын – Галстян Каринэ (Май а.)

2-орын – Мақсұтхан Бекзада (Тобыл к.)

3-орын – Шилкина Арина (Тобыл к.)

Мешіт имамы Хамзин И.Ш. қазылар алқасының мүшесі ретінде іс-шараға қатысып, жеке ынталандыру ретінде бірқатар қатысушыларды ақшалай сыйлықтармен марапаттады:

Курушбекова Үкілімай (Әйет а.)

Болат Еркебұлан (Байшуақ а.)

Мақсұтхан Бекзада (Тобыл к.)

Байқауға қатысқан барлық оқушылар Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Осындай іс-шаралар арқылы мектеп оқушылары қазақ әдебиетінің әлемін танып, кітапқа деген сүйіспеншілікті және Бейімбет Майлин шығармашылығына деген мақтаныш сезімін қалыптастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1105835?lang=kk