Маңғыстау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында "Ашық есік күні" өтті

Маңғыстау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында "Ашық есік күні" өтті

17.11.2025 12:40:41 125

Маңғыстау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында азаматтар мен кәсіпкерлерді салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы хабардар ету мақсатында "Ашық есік күні" өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушыларды 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерімен егжей-тегжейлі таныстыру болды.

Кездесуге қатысушылар, соның ішінде шағын және орта бизнес өкілдері, салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге және бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған жаңалықтар туралы толық ақпарат алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1106450?lang=kk