2025 жылы 17 қарашада аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кезекті отырысы болып өтті.
17.11.2025 13:00:32 133
Депутат Б.Қ. Ыбырайдың төрағалық етуімен құқықтық тәртіп пен аграрлық мәселелер, шағын және орта бизнесті, өндірісті дамыту, бюджет пен жоспарлау, ауданның әлеуметтік - экономикалық даму мәселелері бойынша тұрақты комиссиясында Меңдіқара ауданы әкімі орынбасарының «Меңдіқара ауданының 2026 - 2028 жылдарға арналған аудандық бюджетінің жобасы туралы», Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының «Меңдіқара ауданы ауылдардың, ауылдық округтердің 2026 - 2028 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы» есептері тыңдалған болатын. Қарастырылған мәселелер бойынша комиссия сәйкес қаулылар қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1106479?lang=kk