Қазақстан – зайырлы мемлекет

Қазақстан – зайырлы мемлекет

18.11.2025 10:30:39 143

12 қарашада республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Даурен Тойматаев және Діни мәселерді зертттеу орталығының өкілі Серали Каримовтың қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізу және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері бойынша вебинар өтті.

Қатысушыларға әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни араздықты қоздыру, дін қызметі туралы заңнаманы бұзу үшін  қылмыстық, әкімшілік жауаптылығы туралы ақпарат берілді.

Сарапшы деструктивті діни нанымдары белгілері және солардың теріс ықпалынан өзін және отбасын қалай сақтап қалу жолдары туралы баяндады. Облыстық дін істері басқармасы дін мәселері бойынша жадынама ұсынды.  

 

Әдеп жөніндегі уәкіл Қ. Сюндиков

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1107088?lang=kk