«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА ТЕМІРЖОЛ ТҰЙЫҒЫ САЛЫНУДА

«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА ТЕМІРЖОЛ ТҰЙЫҒЫ САЛЫНУДА

18.11.2025 11:20:40 147

Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағындағы кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында теміржол тұйығы салынуда. Жобаны Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысымен «INTEGRA Construction KZ» мердігер мекемесі жүзеге асырып жатыр. Нәтижесінде өндіріс орындары Текесу станциясы арқылы теміржол желісіне тұрақты қосыла алады. Жоба бойынша теміржол тұйығы 5 жолақтан тұрады, жалпы ұзындығы — 5 шақырым. Құрылыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп, жыл соңына дейін толық пайдалануға беру жоспарланған. Жобаның іске асырылуы индустриалды аймақтағы кәсіпорындарға логистикалық қызмет көрсетуді айтарлықтай жеңілдетіп қана қоймай, өңірдің индустриалдық әлеуетін арттыруға және өндірістік процестерді тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-energetika-kommunal/press/news/details/1107131?lang=kk