Қазақстан ДДСҰ-ның Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясының 11-сессиясына қатысуда

Қазақстан ДДСҰ-ның Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясының 11-сессиясына қатысуда

18.11.2025 15:00:59 75

Женева, 2025 жылғы 17 қараша – Женевадағы БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі, Елші Е.Қазыхан бастаған ҚР делегациясы 2025 жылғы 17-22 қараша аралығында Женевада өтіп жатқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясының 11-ші сессиясына қатысып жатыр.

Қазақстан жалпы пікірталас аясында Конвенцияның мақсаттарына адалдығын растап, оны іске асырудағы еліміздің елеулі жетістіктерімен бөлісті. Баяндамада ұлттық заңнаманың негізгі шаралары атап өтілді: қоғамдық орындарда темекі шегуге жалпыұлттық тыйым салу, темекінің зияны туралы ескертулер, акциздердің айтарлықтай өсуі, сондай-ақ 2020 жылы қабылданған құрамында никотин бар барлық жаңа өнімдерді дәстүрлі темекіге теңестірген және темекі мен никотин өнімдерін сату жасын 21-ге дейін арттырған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс.

ҚР делегациясы темекісіз әлем құрудың ортақ мақсатына қол жеткізу үшін ДДСҰ және Конвенцияға қатысушы мемлекеттермен одан әрі сындарлы ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Тұрақты өкілдіктің сайтында делегация сөзінің мәтінімен танысуға болады ( Kazakhstan Statement General Debate WHO FCTC).

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1107324?lang=kk