StopFake: зияткерлік құқықтар туралы біліміңді арттыр!
18.11.2025 15:01:06 52
«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2025 жылдың 17 қарашасында Қостанай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің қызметкерлері Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ заң факультеті студенттері үшін зияткерлік меншікті қорғау және контрафактілік өніммен күрес тақырыбында дәріс өткізді.
Іс-шара барысында контрафакттың не екені, оның авторлар мен бренд иелерінің құқықтарын қалай бұзатыны, сондай-ақ әрбір тұтынушының неге саналы болуы тиіс екені кеңінен талқыланды.
Кездесудің негізгі идеясы - контрафактілік өнімдерге нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыру.
Контрафакт - жай ғана заң бұзушылық емес, ол мәдениетке, экономикаға және қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қауіп.
Зияткерлік еңбекке құрмет көрсету - әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1107300?lang=kk