"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының №210-VIII ҚРЗ заңын қолдану
18.11.2025 17:40:36 82
2025 жылғы 10 қарашада Бәйтерек ауданының сот залында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының №210-VIII ҚРЗ заңын қолдану туралы "Б"сотталғанға қатысты сот процесі өтті. Бәйтерек ауданының №1 ПҚ есебінде тұрған "Б" сотталған ҚР ҚК 339-бабы 5-тармағының 2-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін 5 (бес) жыл мерзімге аңшылық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 (үш) жыл бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалды, сондай-ақ материалдық залалды өтеу міндеті жүктелді 5 175 000 теңге, мемлекеттік баж 155 250 теңге мөлшерінде, бұрын сотталған «Б» ға 2025 жылғы 16 шілдедегі №210-VIII ҚР Заңының күші қолданылатыны туралы хабарланды.
"Б" сотталған ҚР ҚК 6-бабын басшылыққа ала отырып, мемлекет кірісіне материалдық залалды өтеуді тоқтата отырып, ҚР ҚК 339-бабы 5-тармағының 2-бөлігі 339-1 бабы 5-тармағы 3-бөлігі бойынша жасаған іс-әрекетін қайта даярлау туралы өтінішпен Бәйтерек ауданының сотына жүгінді. Бәйтерек ауданы сотының қаулысымен сотталған "Б" өтінішхаты толық көлемде қанағаттандырылды: ол жасаған іс-әрекет қайта біліктілендірілді, мемлекет кірісіне материалдық залалды өтеу міндеті тоқтатылды, негізгі жаза мерзімі қысқартылды, сондай-ақ қосымша жаза мерзімі қысқартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1107641?lang=kk