"Үздік салық төлеуші", "Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы" конкурсының жеңімпаздары
18.11.2025 17:40:38 100
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және ұлттық валюта қызметкерлері күні қарсаңында Павлодар облысы Мемлекеттік кірістер департаментінде (бұдан әрі-Департамент) 2024 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша Павлодар облысының «Үздік салық төлеушілері» және «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушылары» атты салтанатты іс-шара өтті.
Номинанттарды таңдау бекітілген критерийлер негізінде жүргізілді, соның ішінде салық түсімдері, салық міндеттемелерінің уақтылы орындалуы, салық берешегінің болмауы, сондай-ақ МЗЖ және әлеуметтік аударымдар бойынша берешек, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың болмауы және т.б.
«Үздік салық төлеуші» және «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» акциясының женімпаздары Департаменттің құрмет грамоталарымен марапатталды.
Жекелеген номинациялар бойынша жеңімпаздар: «Kaz Minerals Bozshakol» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Майқаинзолото» АҚ, «Сар технология» ЖШС, «Светлана тігін фабрикасы» ЖШС, «Транс Логистик» ЖШС, «Viamedis Pavlodar» ЖШС, «АВН Строй класс», ЖШС, «Конвишер» ШҚ.
Мұндай іс –шаралардың мақсаты – бұл адал салық төлеушілерді көтермелеу және ынталандыру, әріптестік қатынастарды нығайту, салық төлеушілердің мемлекеттік кірістер органдарына ашықтығы мен сенімін арттыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1107640?lang=kk