2026 жылдан бастап қандай қызмет түрлері оңайлатылған декларация құқығынан айырылады (№970 Қаулы)
19.11.2025 13:01:46 71
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 14 қарашадағы № 970 «Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысының жақын арада күшіне енетінін хабарлайды. Бұл құқықтық акті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің 723-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қолданысқа енгізіледі.
Осы құжатта көрсетілген қызметті жүзеге асыратын барлық кәсіпкерлік субъектілері жалпыға ортақ белгіленген салық салу тәртібіне көшуге алдын ала дайындалуы қажет.
Төменде 2026 жылдан бастап оңайлатылған декларацияны қолданудан алып тасталатын (бекітілген 44 санаттың ішіндегі) неғұрлым маңызды қызмет түрлерінің тізбесі келтірілген:
- Акцизделетін өнімдерді өндіру және (немесе) көтерме саудада өткізу. Оған спиртті ішімдіктерді дистилдеу және араластыру, шарап және сыра өндіру, темекі өнімдерін өндіру кіреді (ОКЭД: 11010, 11021, 12002 және басқалар).
- Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (бензин, дизель отыны және мазут) өткізу. Оған шикі мұнайды көтерме саудада сату (ОКЭД: 46711), бензинді және дизель отынын көтерме саудада сату (ОКЭД: 46716, 46717), сондай-ақ мамандандырылған дүкендерде мотор отынын бөлшек саудада сату (ОКЭД: 47301, 47303) кіреді, сұйытылған газды бөлшек саудада өткізуді қоспағанда.
- Жер қойнауын пайдалану (барлауға лицензия негізінде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті қоспағанда). Оған көмір, шикі мұнай және газ, металл кендерін өндіру кіреді (ОКЭД: 05101, 06100, 07292 және басқалар).
- Қаржылық, сақтандыру қызметі және сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің делдалдық қызметі. Тізімге банктердің қызметі (ОКЭД: 64191), ломбардтардың қызметі (ОКЭД: 64921), қайта сақтандыру (ОКЭД: 65200) және сақтандыру агенттері мен брокерлерінің қызметі (ОКЭД: 66220) кіреді.
- Консультациялық және (немесе) маркетингтік қызметтер. Оған салық салу саласында консультация беру (ОКЭД: 69203), коммерциялық қызмет және басқару мәселелері бойынша консультация беру (ОКЭД: 70221), сондай-ақ нарық конъюнктурасын зерттеу (ОКЭД: 73200) кіреді.
- Бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызмет. Оған қаржылық тексеру (аудит) жүргізу жөніндегі қызмет (ОКЭД: 69201) және шоттарды және бухгалтерлік есепті құрастыру саласындағы қызмет (ОКЭД: 69202) кіреді.
- Цифрлық майнинг жөніндегі қызмет (ОКЭД: 63113).
- Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өндіру, қайта өңдеу және өткізу. Оған қара (ОКЭД: 38321) және түсті металдардың (ОКЭД: 38322) қалдықтары мен сынықтарын қайта өңдеу, сондай-ақ сынықтарды көтерме саудада сату (ОКЭД: 46771) кіреді.
- Тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды салу (ОКЭД: 41201, 41202) және Тұрғын үй қорын өткізу (үйлерді/пәтерлерді сатып алу және сату) (ОКЭД: 68101).
- Сауда нарығын жалдау және пайдалану (ОКЭД: 68203), сондай-ақ 4 және 5 санаттағы сауда объектілерін қоспағанда, сауда базарларына, 1 және 2 санаттағы стационарлық сауда объектілеріне жататын сауда объектілерін қосалқы жалға беру.
Кәсіпкерлерге 2026 жылдан бастап өздерінің салықтық мәртебесін нақты анықтау үшін 2025 жылғы 14.11. №970 Қаулысының толық мәтінімен мұқият танысу ұсынылады. https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2500000970

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1108044?lang=kk