Қазақстанның Измирдегі Бас консулы Б.Ақатаев Денизли провинциясына жұмыс сапары өткізіді
20.11.2025 08:00:52 70
18 қарашада Қазақстанның Измир қаласындағы Бас консулы Бауыржан Ақатаев Денизли провинциясына жұмыс сапарын жасап, аймақ пен қала басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді.
Сапар барысында Денизли губернаторы Өмер Фарук Чошкунмен, мэрі Бюлент Нури Чавушоғлымен, провинцияның полиция бастығы Явуз Сағдичпен, сондай-ақ Әділет комиссиясының төрағасы Бахаттин Арыкан және Бас прокурор Ахмет Атаманмен келіссөздер өтті. Тараптар қазақстандық азаматтардың құқықтарын қорғау, жергілікті органдармен өзара іс-қимыл, қауіпсіздік, әлеуметтік байланыс және қалалық басқару салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Бағдарламаның маңызды бөлігі Памуккале университетіне сапар болды. Ректор профессор Махмұт Гүңгөрмен кездесу және жұмыс түсті асынан кейін Бас консул университетте білім алып жүрген ҚР студенттерімен жеке жүздесті. Сұхбат барысында оқу процесі, тұрмыс жағдайы, қауіпсіздік және консулдықтың қолдауы жөнінде ашық пікір алмасты.
Жұмыс сапары Денизли өңірінің құрылымдарымен ынтымақтастықты нығайтуға, жергілікті қазақ диаспорасының өзекті мәселелерін талқылауға және бірлескен жобаларға жаңа мүмкіндік ашуға ықпал етті.
Денизли провинциясы Қазақстан Республикасының Измир қаласындағы Бас консулдығының консулдық округіне кіреді. Өңірде Қазақстанның Құрметті консулы Окан Оғуз басшылық ететін Құрметті консулдық жұмыс істейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-izmir/press/news/details/1108583?lang=kk