Қазақстан Елшісінің Израильдің Энергетика және инфрақұрылым министрімен жұмыс кездесуі

Қазақстан Елшісінің Израильдің Энергетика және инфрақұрылым министрімен жұмыс кездесуі

20.11.2025 08:00:57 99

Қазақстан Елшісінің Израильдің Энергетика және инфрақұрылым министрімен жұмыс кездесуі

2025 жылғы 17 қарашада Иерусалим қаласында Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Даулет Ембердиевтің Израильдің Энергетика және инфрақұрылым министрі Эли Коэнмен жұмыс кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Негізгі талқыланған тақырыптар Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамыту және су ресурстарын басқару салаларындағы жобаларға израильдік серіктестердің қатысу перспективалары, Қазақстанның энергетикалық және су инфрақұрылымына инвестиция салу мүмкіндіктері, сондай-ақ аталған салалар бойынша технологиялар мен тәжірибе алмасу болды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруға және жаңа бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/1108578?lang=kk