NFA Expo-2025: Орталық Азияның азық-түлік емес тауарларының басты көрмесі әлемдік өндірушілерді Алматыда жинайды
20.11.2025 11:50:36 165
26-28 қараша аралығында «Атакент» Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығында NFA EXPO-2025 4-ші халықаралық көрмесі өтеді. Орталық Азияның негізгі алаңында Қазақстанның, ТМД елдерінің, Еуропа мен Азияның өндірушілері, байерлері, сауда желілері мен маркетплейстерінің өкілдері жиналады. Қатысушыларды жаңа келісімшарттар, b2b-кездесулер және халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндіктері күтеді.
Биыл алғаш рет экспозиция бөлшек сауда технологиясының жаңа бағытымен кеңейтілді. Мұнда заманауи бөлшек саудаға арналған IT-шешімдер, сандық құралдар, маркетинг, дизайн, жабдықтар және қызметтер ұсынылады.
Экспозицияның негізгі бөлімдері: «үй тауарлары, ыдыс-аяқ, үй шаруашылығына арналған тауарлар мен тұрмыстық техника», «тоқыма және интерьер», «косметика, парфюмерия және гигиена құралдары», «тұрмыстық химия», «сыйлықтар, кәдесыйлар, жылдық және мерекелік өнімдер», «саяжай мен демалыс тауарлары» және де «кеңсе және балалар тауарлары».
Биылғы көрмеге Қазақстан, Италия, Қытай, Латвия, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Украина және Беларусь компаниялары қатысады. Көрмеге қатысушылар арасында 2К, All-trade, Aprel Uz, Baraka, Joby Home, KLEESOFT KZ, Lafarfor, Liby, Royal Farfor, Satbayev University, TS Kitchen, Zeta, H.A. Brieger және басқалары бар.
Қытайдың ұлттық экспозициясы Чжэцзян, Шаньдун, Сычуань, Гуандун және Цзянсу провинцияларының жетекші өндірушілерін, соның ішінде Guangzhou Fresh World Electrical Appliance, Ningbo Klinsmann Intelligent Technology, Guangdong Zoncenway Electric Technology, HUARUN Trade, Sunshine (Guangzhou) Ltd. және ондаған басқа компаниялардың басын қосады.
Биылғы жылы меншікті сауда маркаларын (МСМ) дамытуға ерекше назар аударылды. Қатысушылардың жартысынан көбі бөлшек саудагерлерге private label өндіріс келісімшарттарын ұсынады.
NielsenIQ мәліметтері бойынша, соңғы үш жылда Қазақстанда азық-түлік емес тауарлардағы МСМ үлесі екі есеге жуық өсті. Сатып алушылардың 60% - дан астамы айына кемінде бір рет болса да меншікті сауда маркаларын таңдайды.
Кәсіби аудитория үшін келесі шаралар ұйымдастырылады:
-Байер бағдарламасы мен b2b сессиялары, Magnum, Small, Анвар, Airba Fresh, Toimart, Korzinka, Wildberries, Flip.kz, Fix Price, bi1, Globus желілерінің қатысуымен «сатып алушы–жеткізуші» шарасы.
-Бизнеске арналған кеңес беру орталығы. Өндірушілерге арналған шикізат, орау, сертификаттау, логистика және қаржылық шешімдер.
Көрменің үш күні жүздеген брендтер мен келісімшарттарға және де эксклюзивті премьераларға толы болады. Қонақтарды көтерме сатып алу, жаңа өнімдерді ұсыну, технологияларды көрсету және жеңілдік бағдарламалары аясында арнайы шарттар күтуде.
NFA Expo-2025 Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өткізіледі.
Өтетін күндері: 2025 жылдың 26-28 қарашасы аралығында Орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Атакент» КІЫО, № 11 павильон
Толығырақ: www.non-food.asia БАҚ аккредиттеу: Ләззат Сағындықова, +77017776917 (WhatsApp, Telegram), press.service891@gmail.com

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1108836?lang=kk