Бельгияның сауда миссиясының Қазақстанға сапары орай салтанатты қабылдау
20.11.2025 16:00:35 54
2025 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Бельгияның сауда миссиясының Қазақстанға сапары орай салтанатты қабылдауға қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараны Бельгия Корольдігі Елшілігінің Сауда-экономикалық бөлімі ұйымдастырды. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Бельгия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты қамтитын екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті. Соңында дипломат екі ел арасындағы достық және өзара тиімді байланыстарды одан әрі тереңдетуге сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1109070?lang=kk