«Чекті талап ет – жүлде ұтып ал!» республикалық науқанның жеңімпаздары марапатталды
20.11.2025 17:21:24 49
Ағымдағы жылдың сәуір айында «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» республикалық акциясы басталды, мамырда «Бәйге» мотивациялық науқаны, «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы және Халық банкінің ұтысы қосылды.Акцияның ұйымдастырушысы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ақмола облысы әкімінің қолдауымен және Halyk Bank демеушілігімен өткізіліп жатыр. Бұл акцияның мақсаты: көлеңкелі экономикамен күресу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, кассалық тәртіпті жақсарту, адал бизнесті қолдау болып табылады.Науқанға қатысу үшін азаматтар Amian мобильді қосымшасы арқылы чектерді жіберіп ақшалай және бағалы сыйлықтар ұтып алады.
«Бәйге» атты жаңа мотивациялық науқаны аясында еліміздің әр өңірінде тоқсан сайын жеңімпаздар анықталады 100 000 теңге жүлдесі random.org сайты арқылы Instagram парақшасында тікелей эфирде ұтыс ойыны арқылы аймақтағы ең белсенді 50 пайдаланушының біріне беріледі - барлығы 20 жеңімпаз.
Сонымен қатар, 2025 жылдың 19 мамырынан бастап Ақмола облысында Halyk Bank ұтыс ойыны басталады. Оған Банктің POS терминалдарында Банк карталарымен жасалған операциялардан чектер қатысады.
Қатысу оңай: тауарларды сатып алу немесе қызметтерге ақы төлеу кезінде фискалдық түбіртек сұраңыз және оны «Amian» қолданбасында тіркеңіз. Ақмола облысында қазан айының қорытындысы бойынша 10 жеңімпаз анықталды – көкшетаулықтар Маргарита Иванова, Лаура Махметова, Жақсы ауданынын тұрғындары Құралай Саржанова, Анаркүл Жағыпарова, Жанаргүл Ділдебаева, Есіл қаласының тұрғыны Айжан Калинкина, Сандықтау ауданының тұрғыны Виктория Коптелова, атбасарлық Олеся Ковалева, Щучинск қаласының тұрғыны тұрғыны Алена Валова және Солтүстік Қазақстан облысы Шал Ақын ауданының тұрғыны Ольга Ночевная.
Сондай-ақ, Қазақстан тұрғындары «Салық кэшбэк» пилоттық жобасына қатысып, Amian мобильді қосымшасында сатып алу сомасының 2% көлемінде кэшбэк ала алатынын еске саламыз. Алынған қаражатты банк картасына аударуға немесе ұялы телефон балансына аударуға болады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Құрметті салықтөлеушілер акцияға қатысып, сыйлықтар ұтып алыңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1109213?lang=kk