«Семиярка» – ежелгі қала: халықаралық археологтар тобы Қазақстанда маңызды жаңалық ашты

«Семиярка» – ежелгі қала: халықаралық археологтар тобы Қазақстанда маңызды жаңалық ашты

20.11.2025 17:51:12 48

Британдық UCL және Durham University университеттерінің, сондай-ақ Қазақстанның Торайғыров университетінің зерттеушілерінен құралған халықаралық археологтар тобы Қазақстандағы ең маңызды қола дәуірі ескерткіштерінің бірі туралы алғашқы ірі көлемді зерттеулерінің нәтижесін жариялады.

Зерттеушілер «Семиярка» ежелгі жерін жан-жақты зерттеп, оның өңірдегі ең ірі жоспарлы қала екенін анықтады. Қала аумағы шамамен 140 гектарды қамтиды. Бұл нысан алғашқы рет 2000-жылдардың басында қазақстандық ғалымдар тарапынан табылған болатын, алайда қазіргі халықаралық экспедиция оған толық зерттеу жүргізуге мүмкіндік берді.

Зерттеу нәтижелері бойынша, шамамен б.з.д. 1600 жылдары Семиярка өңірдің маңызды орталығы болған және жергілікті көшпелі қоғамдардың тұрақты әрі урбанизацияланған өмір салтына өту кезеңінде ерекше рөл атқарған.

Жоба жетекшісі, доктор Мильяна Радивоевич (UCL) атап өткендей:
«Бұл соңғы онжылдықтағы ең маңызды археологиялық ашылулардың бірі. Семиярка көрсеткендей, далалық қауымдастықтар тұрақты, ұйымдасқан қалалық құрылымдар жасай алған, оның айналасында ірі өндіріс дамыған – шын мәніндегі далалық урбанистік орталық».

Қазіргі таңда қаланың қалдықтары бірнеше бөлмесі бар үйлердің негізі ретінде тікбұрышты жер платформалары түрінде сақталған. Сондай-ақ, ғалымдар үлкен орталық құрылымның қалдықтарын тапты, ол ритуалдық немесе қоғамдық орын ретінде, немесе ықпалды отбасының меншігі ретінде қызмет еткен болуы мүмкін.

Маңызды жаңалықтардың бірі – Семиярканың оңтүстік-шығыс шетінде қола дәуірінің негізгі қоспасы саналатын оловянная бронза өндірісіне арналған өнеркәсіптік аймақтың табылуы.

Археологтар тигельдер, шлак және дайын бұйымдарды тапты, бұл далалық аймақтағы күрделі металлургиялық өндірістің бар екендігін алғаш рет дәлелдеді. Бұл өндіріс шағын шеберханалардан әлдеқайда жоғары деңгейде болған.

Қала Иртыш өзенінің үстінде орналасқан, атауы өзен бойындағы жеті жыраудан алынған. Алтай тауларындағы мыс пен қорғасын кен орындарына жақындығы қала өндіріс, сауда және айырбастың маңызды орталығы болғанын растайды.

Зерттеуші, доктор Виктор Мерц (Торайғыров университеті):
«Біз Семиярканы Қазақстанның ұлттық гранттары арқылы көп жылдар бойы зерттедік, алайда халықаралық ынтымақтастық зерттеуді жаңа деңгейге көтерді. Ұлыбританиядағы әріптестеріміздің тәжірибесі болашақ қазба жұмыстарын зерттеудің жаңа мүмкіндіктерімен толықтырды», – деп, атап өтті

Қаладан табылған керамика мен металл бұйымдар Семиярканы негізінен Алексеевка-Саргары мәдениетінің өкілдері мекендегенін көрсетті — бұл өңірдегі алғашқы тұрақты тұрғындардың бірі. Черкасскул мәдениетіне қатысты заттар көрші қауымдастықтармен белсенді сауда байланыстары болғанын айқындайды.

Экспедицияны Британ академиясы, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, сондай-ақ DREAM жобасы (ERC/UKRI) қолдады.

Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігі қазақ-британ зерттеу топтарының еліміздің ежелгі тарихын зерттеудегі еңбегін жоғары бағалайды және ғылым, мәдениет және археология саласында ынтымақтастықты одан әрі қолдауға дайын.

Баспасөз байланыстары: Қосымша ақпарат алу немесе жобада қатысқан зерттеушілермен байланысу үшін:

Майкл Лучибелла, UCL баспасөз қызметі

Тел.: +44 (0)75 3941 0389

E-mail: m.lucibella@ucl.ac.uk

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1109246?lang=kk