Омбудсмен Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісімен кездесті
21.11.2025 08:01:20 69
20 қарашада Адам құқықтары жөніндегі комиссар Артур Ластаев Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі ханым Саранго Раднараагчамен жұмыс кездесуін өткізді.
Тараптар 2026–2030 жылдарға арналған тұрақты даму саласындағы ынтымақтастық жөніндегі БҰҰ–Қазақстан арасындағы шеңберлік бағдарламаны дайындау аясында басымдықтар мен ықтимал ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
Іс-шараға Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Динара Таженова да қатысып, адам құқықтары саласындағы негізгі тәсілдер мен сәтті жүзеге асырылған бастамалар туралы сөз етті.
Кездесу соңында тараптар адам құқықтары саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген міндеттемесін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1109439?lang=kk