ХВҚ миссиясы Қазақстанның банк жүйесінің орнықтылығын атап өтті

ХВҚ миссиясы Қазақстанның банк жүйесінің орнықтылығын атап өтті

21.11.2025 11:00:32 83

2025 жылғы 6-19 қараша аралығында Али Аль-Эйд мырзаның басшылығымен ХВҚ миссиясы Алматы мен Астанада ХВҚ Жарғысының IV бабына сәйкес Қазақстан Республикасымен консультациялар шеңберінде талқылаулар өткізді.

Сапар барысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова мен ХВҚ өкілдері арасында кездесу өтті. Тараптар қаржы секторының ағымдағы жай-күйін, Қаржы секторын бағалау бағдарламасы (FSAP) ұсынымдарының іске асырылу барысын, сондай-ақ Банктер туралы жаңа заңның негізгі жаңалықтарын талқылады.

Консультациялардың қорытындысы бойынша ХВҚ миссиясы қорытынды мәлімдеме жариялады. Құжатта банк жүйесінің орнықтылығы атап өтілген. Екінші деңгейдегі банктерде капитал, өтімділік және рентабельділік көрсеткіштері жоғары. Проблемалық активтердің үлесі төмен болып қалып отыр. Сарапшылар қосымша пруденциялық шараларды енгізу қаржылық тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететінін де атап өтті.

Тұтынушылық кредит берудің өсуі ерекше назар аударуды қажет етеді. Осыған байланысты ХВҚ миссиясы осы сегменттегі тәуекелдерді барынша азайту үшін Агенттіктің пруденциялық шараларын оң бағалады.

Сарапшылар Агенттіктің Қаржы секторын бағалау бағдарламасының негізгі ұсынымдарын іске асыруындағы елеулі ілгері басуды да атап өтті. Төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігін енгізу, сондай-ақ Банктер туралы жаңа заң шеңберінде цифрлық активтер саласында реттеу мен қадағалауды енгізу алдағы басымдықтар ретінде белгіленді.

ХВҚ миссиясы қаржы реттеушісінің институционалдық әлеуетін одан әрі нығайту қажеттігін, оның ішінде қажет болған жағдайда қосымша ресурстар бөлу арқылы нығайту қажеттігін атап өтті.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1109629?lang=kk