Салық әкімшілендірудегі жаңа өзгерістер: бизнес нені білуі тиіс

Салық әкімшілендірудегі жаңа өзгерістер: бизнес нені білуі тиіс

21.11.2025 16:21:16 100
  • Авто-нөлдік есептілік

Енді салық төлеуші есептілікті мерзімінде тапсырмаған жағдайда, МКК жүйесі автоматты түрде нөлдік есептілік қалыптастырады.

Бұл мүмкіндік келесіні  болдырмайды:

— есептілікті тапсырмау туралы хабарламаларды;

— әкімшілік жауапкершілікті;

— екінші деңгейлі банктерде шығыс операцияларын тоқтатуды.

Санкциялар азайып, қолайлылық артады.

 

  • Есептілік формаларының қысқаруы

Салық есептілігінің нысандары 30%-дан астам азайды — 41 ден 28 ге дейін.

Бұл бизнес уақытының үнемделуіне және әкімшілендірудің жеңілдеуіне мүмкіндік береді.

Жаңа нысандар Қаржы министрінің 12.11.2025 жылғы №695 бұйрығымен бекітілген.

 

  • Салық есептілігін кері қайтару қызметі алынып тасталды

Жаңа жүйеде әкімшілендіру тәсілі өзгерді, сондықтан есептілікті кері қайтару енді талап етілмейді.

 

  • Есептілік тапсыру мерзімін ұзарту нормасы алынып тасталды

Енді бұл норма қажет емес — авто-нөлдік декларация механизмі жұмыс істейді.

 

  • МКБ  сервистік топтар құрылды

Бұл — салық органдары қызметкерлерінен құралған мобильді топ, ол кейбір салық төлеуші топтарына көмектеседі:

— мемлекеттік қызметтер бойынша;

— декларацияларды толтыру бойынша.

 

Сервистік топқа 1414 нөмірі арқылы шақыруға болады

 



 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1110017?lang=kk