Көксу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында "Ашық есік күні" өтті
21.11.2025 16:21:22 97
21.11.2025 жылғы Көксу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында азаматтар мен кәсіпкерлерді салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы хабардар ету мақсатында "Ашық есік күні" өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушыларды 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерімен егжей-тегжейлі таныстыру болды.
Кездесуге қатысушылар, соның ішінде шағын және орта бизнес өкілдері, салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге және бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған жаңалықтар туралы толық ақпарат алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1110006?lang=kk