Дубайдағы «Murdoch University» атқарушы директоры Мұхаммед Баматрефтің Қазақстанға ресми сапары ұйымдастырылды.
21.11.2025 16:41:22 54
Дубайдағы «Murdoch University» атқарушы директоры Мұхаммед Баматрефтің Қазақстанға ресми сапары ұйымдастырылды.
Сапар барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Бас директоры Берік Арынмен, «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркінің басшысы Мағжан Мадиевпен, сондай-ақ «Nazarbayev University», Семей қ. Шәкәрім университеті және «Халықаралық бағдарламалар орталығының» басшылығымен кездесулер өтті.
Сонымен бірге сапар аясында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті мен Murdoch University арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1110064?lang=kk