Мемлекеттік қызмет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

Мемлекеттік қызмет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

21.11.2025 17:30:43 103

Бүгін мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасуға қызығушылық танытқан тұрғындар мен жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Іс-шара қалалық әкімдік тарапынан ұйымдастырылып, құқық қорғау органдары мен түрлі мемлекеттік мекемелерді қамтыған шамамен 15 жұмыс беруші қатысты.

Жәрмеңке қонақтары әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға арналған өзекті бос жұмыс орындарымен танысып, мемлекеттік қызметке кіру тәртібі бойынша кеңес алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Мұндай жәрмеңкелердің мақсаты — халықтың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру, жастардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету және мемлекеттік қызметтің кадрлық әлеуетін нығайту.

Қостанай қаласының әкімдігі мемлекеттік қызметте кәсіби мансап құруға ниетті азаматтар үшін ашық әрі қолжетімді жағдай жасауды одан әрі жалғастыруды жоспарлап отыр. 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1110186?lang=kk