«Мұрағаттық анықтамалар, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін немесе мұрағаттық үзінділерді беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар-оқыту

«Мұрағаттық анықтамалар, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін немесе мұрағаттық үзінділерді беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар-оқыту

21.11.2025 18:20:38 123

2025 жылғы 19 қарашада Рудный қалалық мемлекеттік архивінің архившісі А. М. Хаетова "Электрондық үкімет" порталы арқылы "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері үшін "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінді көшірмелер беру", сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама туралы мемлекеттік қызметін көрсету бойынша семинар-оқыту өткізді. Қатысып отырған мамандардың назарына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін жеткізді, "Электрондық үкімет" порталында еңбек өтілі мен жалақысын растауға сұрау салуды ресімдеу тәртібін түсіндірді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауды және алушыларға мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде архив саласында "Электрондық үкімет" порталы арқылы өз бетінше алу мүмкіндігін танымал етуді ұсынды.  15 адам қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1110273?lang=kk