Цифрлық және жасыл трансформация мәселелері бойынша семинар (Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.)

Цифрлық және жасыл трансформация мәселелері бойынша семинар (Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.)

24.11.2025 12:10:33 39

Цифрлық және жасыл трансформация мәселелері бойынша семинар
(Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.)

«KazAID» Қырғыз Республикасының аграрлық сектор мамандарын ауыл шаруашылығындағы цифрлық және жасыл трансформация мәселелеріне арналған оқыту семинарына қатысуға шақырады.


Семинар 2025 жылғы 28 қараша күні, 10:00–16:00 аралығында К. И. Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университетінде өтеді. Мекенжайы: Бішкек қ., Медеров көшесі, 68, оқу залы.

Бірінші сессия ауыл шаруашылығында экологиялық қауіпсіз технологияларға арналады. Тақырыптар: тыңайтқыштарды терең енгізу, топырақты тұрақты басқару әдістері. Сессияны Жапонияның Ниигата университетінің профессоры Хидео Хасэгава жүргізеді.
Екінші сессия цифрлық трансформация және егістік алқаптарын, жайылымдарды, су және орман ресурстарын спутниктік деректер арқылы мониторингтеу, сондай-ақ пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау мәселелерін қамтиды. Сессияны «Қазғарыш Сапары» ҰК» АҚ басқарушы директоры және басқарма мүшесі Умбетбаев Аманат Тауболдыұлы жүргізеді.

Қатысу тегін және тек Қырғыз Республикасының азаматтарына қолжетімді.
Семинарға қатысу үшін міндетті түрде тіркеуден өту қажет: https://docs.google.com/forms/d/1dzKzQs4gpPMucQg3CW-65tJFPzNB_u-3nolw40ffNYc/edit

Семинарды «KazAID» Қазақстанның халықаралық даму агенттігі, Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA), Қырғыз-Жапон адам ресурстарын дамыту орталығы (KRJC) және К. И. Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университеті (КНАУ) бірлесіп ұйымдастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1110932?lang=kk