Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторларға арналған оқыту семинары өтті
24.11.2025 18:01:26 42
Іс-шара техникалық инспекторлардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және білім беру ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына қоғамдық бақылауды тиімді қамтамасыз етуге бағытталды.
Қатысушылар қолданыстағы заңнама нормаларымен танысып, практикалық жағдайларды талқылады және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өзекті сұрақтарға жауап алды.
Семинардың спикері К., мемлекеттік еңбек инспекторы болды. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, білім беру ұйымдарындағы жұмысты ұйымдастыру жөнінде маңызды ұсыныстар берді.
Семинар жоғары деңгейде өтіп, еңбекті қорғау саласындағы техникалық инспекторлардың жұмыс сапасын арттыруға ықпал етті.
Осындай оқу семинарлары келесі жылы да жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1111373?lang=kk