Баянды ауылынан Емір жеріне дейінгі автомобиль жолын күтіп ұстау мәселесі бойынша жиын өтті
25.11.2025 12:01:04 432
Аудан әкімінің орынбасары Нұрхан Әлиханұлының төрағалығымен Баянды ауылынан Емір жеріне дейінгі автомобиль жолын күтіп ұстау жұмыстарына арналған жиын өткізілді.
Жиынға аудан аумағында орналасқан жер қойнауын пайдаланушы кәсіп иелері қатысып, ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолының жағдайын жақсарту және оны жүйелі түрде күтіп ұстау мәселелері талқыланды.
Кәсіпкерлер тарапынан аталған жол учаскесінде жылына үш рет тегістеу (грейдерлеу) жұмыстарын бірлесіп жүргізу туралы ұсыныс енгізілді.
⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1111851?lang=kk