22 қараша күні Боровской ауылында Мендіқара ауданының 95 жылдығына арналған жылдам шахматтан турнир өтті!
25.11.2025 12:20:32 41
Турнирге түрлі жастағы және дайындық деңгейіндегі 95 шахматшы қатысты. Олардың қатарында — мектеп оқушылары, студенттер және ересек әуесқойлар болды. Бұл жарысқа ойын стилінің әртүрлілігі мен ерекше тартымдылық қосты.
Турнир регламенті бойынша 9 тур швейцарлық жүйемен, 10 минут + әр жасалған жүріс үшін 5 секунд уақыт бақылауымен өткізілді.
Қызу әрі тартысты бәсекеде үздік шахматшылар анықталды:
1 орын — Набиев Иман
2 орын — Салимов Руслан
3 орын — Шудегов Кирилл
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар және тиісті дәрежедегі грамоталармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға сәттілік және жаңа жеңістер тілейміз!
Іс-шара ұйымдастырушысы — мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында MOO «DamU.KST».
Тапсырыс беруші: Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1111890?lang=kk