Қарағандыда ұландықтарға жаңа қызметтік автокөліктердің кілттері табысталды
25.11.2025 15:20:37 51
ҚР Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөліміне отандық өндірістен шыққан 17 жаңа қызметтік автокөлік берілді. Кілттерді салтанатты табыстау рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сәкентай Шекарбеков қатысты.
Облыс әкімі ұландықтардың қоғамдық қауіпсіздіктің берік қалқаны болып, «Заң және Тәртіп» қағидаты негізінде қызмет атқаратынын айтты. Ол әскери қызметшілерге арнайы техниканың кілттерін жеке өзі табыстап, Ұлттық ұланға көрсетіліп келе жатқан жоғары сенімді атап өтті.
Өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы генерал-майор Сәкентай Шекарбеков облыс басшылығына және ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығына автопаркті жаңартқаны үшін алғыс білдіріп, жаңа техниканың қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау тиімділігін айтарлықтай арттыратынын жеткізді.
Жеке құрамға Hyundai ELANTRA, Hyundai TUCSON, Toyota HILUX автокөліктері, төрт автобус пен ауыр техника берілді.
Айта кетейік, бұған дейін Астана және Алматы қалаларында да автопарк жаңартылған болатын.
Автопаркті жаңарту – құқықтық тәртіп әскерлерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту және жауынгерлік даярлығын арттыру бағытындағы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жүйелі жұмысының бір бөлігі.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1112047?lang=kk