Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АРС ақпарат

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АРС ақпарат

25.11.2025 15:20:40 66

Жаңа Салық кодексімен кірісі көп емес тұлғаларды, сондай-ақ жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін тартпай-ақ қызметін кезең-кезеңімен жүзеге асыратын тұлғаларды қолдау мақсатында (оның ішінде қызметті платформалық жұмыспен қамту арқылы жүзеге асыратын адамдар үшін) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АРС көзделген.

Осы АСР қызметін платформалық жұмыспен қамту арқылы жүзеге асыратын арнайы мобильдік қосымшаны пайдалана отырып, бүгінгі күні патент негізінде АСР қолданатын адамдарды (Қазақстан Республикасының азаматтары, қндастар), оның ішінде мынадай өлшемшарттарға сәйкес болған кезде басқа да адамдарды қолдануға құқылы:

- жеке кәсіпкерлер емес;

- қызметте жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайды;

- Үкімет қаулысымен осы режимді қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерін жүзеге асырады.

- күнтізбелік айда табысы АЕК-тің 300 еселенген мөлшерінен аспайтын (2026 жылы 1,3 млн. теңге).

Осы режимді қолданатын тұлғалардың міндеттемелерді орындауы мыналармен барынша жеңілдетілді:

  1. жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетінен босатылды;

  2. табыс салығын төлеуден толық босатылған (жеке табыс ставкасы 0%);

  3. мұндай адамдар үшін жалғыз міндеттеме табыстың 4% мөлшерінде әлеуметтік төлемдерді төлеу болып табылады (міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік салық және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру 1% - дан), бұл өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға сақтандыру жағдайы басталған жағдайда зейнетақымен қамсыздандыруды, медициналық және әлеуметтік сақтандыруды қоса алғанда, базалық әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етеді;

  4. салық есептілігін ұсынудан босатылды;

  5. міндеттемелерді орындаудың ыңғайлылығы мен оңайлатуы үшін арнайы мобильді қосымшаны қолдану көзделген, онда: көрсетілген қызметтер үшін чектерді алу (БКМ қолданудың қажеті жоқ), бір айда алынған табыс тізілімін қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді автоматты түрде есептеу мүмкіндігі берілетін болады.

  6. платформалық жұмыспен қамту арқылы жұмыс істейтін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бойынша әлеуметтік төлемдерді ұстап қалу мен аударуды интернет-платформа операторы платформа арқылы алынған кірістер бойынша жүргізетін болады.

  7. жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде қызметті жүзеге асыратын тұлғалар өз міндеттемелерін бір ай ішінде алынған табыстан тиесілі соманы төлеу жолымен орындайды.

Осы режимді қолданудың көрсетілген артықшылықтары өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қызметін заңдастыруға, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге (зейнетақы, медициналық және әлеуметтік қорғауға қол жеткізуге) бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1112044?lang=kk