Медицинаға арналған салықтық шегерім
25.11.2025 16:10:55 79
Медицинаға арналған салықтық шегерім:
- медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа);
- ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданылады.
🔶Осы баптың ережелері осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының 10-2) тармақшасында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
🔶Медицинаға арналған салықтық шегерім күнтізбелік жылға айқындалған айлық есептік көрсеткіштің 118 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қолданылады.
Бұл ретте медицинаға арналған салықтық шегерімнің және осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) шығыстарын және (немесе) жұмыс берушінің ауырған жағдайда ерікті сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстарын жабу үшін кірісті түзетудің жалпы сомасы жиынтығында күнтізбелік жылда айлық есептік көрсеткіштің 118 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1112109?lang=kk