Қазақстан ДДСҰ-ның Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптарының конференциясының 11-ші сессиясына белсенді қатысты
26.11.2025 08:00:31 143
Женева, 2025 жылғы 23 қараша – Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Е.Қазыхан бастаған ҚР делегациясы 2025 жылғы 17-22 қараша аралығында Женевада өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясының Тараптар конференциясының 11-сессиясына қатысты.
Қазақстан Конвенцияның мақсаттарына тұрақты бейілділігін растады және қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі шараларды (18-бап), темекі индустриясының жауапкершілігін (19-бап) күшейтуге, темекіні бақылаудың ұлттық бағдарламаларын тұрақты қаржыландыруға және БҰҰ жүйесінің үй-жайларында темекі және никотин бұйымдарын тұтыну мен сатуға толық тыйым салуға бағытталған консенсуспен қабылданған шешімдерді қолдады.
ҚР делегациясы пікірталастардың сындарлы сипатын құптап, ұлттық ерекшеліктерді ескеретін және барлық қатысушы мемлекеттер үшін Конвенцияның тұрақты іске асырылуын қамтамасыз ететін теңдестірілген тәсілдерді іздеудің маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан Республикасы ДДСҰ және басқа да қатысушы мемлекеттермен тығыз ынтымақтастықта оның ережелерін ұлттық деңгейде дәйекті іске асыруды жалғастыра отырып, Конвенцияның белсенді және жауапты тарапы болып қалу ниетін растайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1112464?lang=kk