Павлодар облысында жергілікті салық жинауды жетілдіру бойынша пилоттық жоба басталды

Павлодар облысында жергілікті салық жинауды жетілдіру бойынша пилоттық жоба басталды

26.11.2025 10:41:32 38

2025 жылғы 6 қазаннан бастап Павлодар облысының Успен және Железин аудандарында жеке тұлғалардың мүлкі мен көлік құралдарына салық жинау бөлігінде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру басталды. Жоба Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 500 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Тұрғындармен консультациялар-тұрғылықты жері бойынша

Жоба аясында Успен және Железин аудандарының 19 ауылдық округтерінің әкімдіктері жергілікті салықтарды есептеу және төлеу тәртібі туралы азаматтарға кеңес беру және ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде.

Тұрғындарға аудан орталығына барудың қажеті жоқ – барлық қажетті ақпаратты тікелей ауылдық округ әкімдігінен алуға болады:

- салықтар бойынша есептеулер мен берешектерді білу;

- мүлік және көлік салығын есептеу бойынша кеңес алу;

- қате есептеулерді түзету мәселелері бойынша жүгіну.

Есептеулерде көмек

Ауылдықокругтерәкімдіктерісалықтықәкімшілендірудіңинтеграцияланғанжүйесі(СӘИЖ)арқылыжекетұлғалардыңесептеулеріменберешектерітуралымәліметтерге қол жеткізеалады.

Қажет болған жағдайда азаматтарға Мемлекеттік кірістер комитетінің (kgd.gov.kz) сайтындағы "Электрондық калькулятор" сервисі және «eSalyq Azamat» мобильдік қосымшасы арқылы есептеулерді жүргізуге көмектеседі.

Мәліметтерді өзектендіру

Пилоттық жоба барысында деректерді нақтылау бойынша жұмыс жүргізілуде: ресімделмеген объектілерді анықтау және есепке қою, қайтыс болған меншік иелерін, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен адамдарды, сондай-ақ иесіз мүлікті және т. б. анықтау.

Алғашқы нәтижелер

Ауылдық округ әкімдіктерімен өткізілген іс-шаралардың (аулаларды аралау, қоңырау шалу, хабарламаларды тапсыру, WhatsApp қосымшасы арқылы СМС-хабарлау, түсіндіру жұмыстары) қорытындысы бойынша 74 жылжымайтын мүлік объектісін анықтап, тіркеу есебіне/қайта тіркеуге қойды, оның ішінде:

- Успен ауданында 18 жылжымайтын мүлік объектілері;

-Железинауданында56жылжымайтын мүлік объектілері.

Оларға шаруашылық ғимараттар, гараждар, моншалар, қоймалар, жер учаскелері және басқа да объектілер жатады.

Пилоттық жоба аяқталғаннан кейін оның тиімділігіне баға беріледі. Салықтық әкімшілендіру және халықты ақпараттандыру сапасын арттыру бойынша жұмыс жалғасуда.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1112610?lang=kk