«Халықтық заңгер»
26.11.2025 15:31:04 55
Құрметті ауыл тұрғындары мен қонақтары!
2025 жылғы 27 қарашада, сағат 16:00-де Қоржинкөл ауылдық округінде, Лесное ауылы, Қоржинкөл жалпы білім беретін мектеп «Халықтық заңгер» акциясы аясында азаматтарды қабылдау өтеді.
Сондай-ақ 28 қарашада, сағат 16:00-де Қосарал ауылдық округінде, Кенерал ауылы, Кенерал жалпы білім беретін мектеп қабылдау жалғасады.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Әрбір азамат еліміздің тәжірибелі заңгерлерінен қажетті кеңесті тегін ала алады. Олардың қатарында адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және өзге де мамандар бар.
Байланыс телефоны: 22-0-65 (Фёдоров аудандық прокуратурасы)
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1112956?lang=kk