2025 жылғы 25 қарашада Алтай ауданы мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясы ZOOM форматында өтті.

2025 жылғы 25 қарашада Алтай ауданы мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясы ZOOM форматында өтті.

26.11.2025 15:31:08 65

 Отырыс барысында депутаттар күн тәртібіне енгізілген бірнеше маңызды мәселелерді қарастырды:

  1. Алтай ауданында оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданған кезде салық мөлшерлемелерін төмендету туралы.
  2. Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға бөлінген жерлер үшін жер салығының базалық ставкаларын арттыру туралы.
  3. Алтай ауданы бойынша жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы.
  4. Алтай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жеке құрамы туралы.
  5. 2016 жылғы 10 маусымдағы № 4/4-VI «Алтай ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы» мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. 2025 жылғы 8 мамырдағы № 28/18-VIII «Алтай ауданының терроризмге қарсы комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  7. 2015 жылғы 13 наурыздағы № 40/9-V «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның жеке құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1112919?lang=kk