Қазақстан Ежелгі Олимпиядағы Олимпиада алауын жағу рәсіміне қатысты
26.11.2025 18:21:02 38
2025 жылғы 26 қараша Ежелгі Олимпия – Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Сұлтанғожин Ежелгі Олимпия муниципалитетінің шақыруымен Олимпиада алауын жағу рәсіміне қатысты. Іс-шара халықаралық олимпиадалық қозғалыс үшін маңызды мәдени маңызы бар ежелгі қасиетті орынның тарихи аумағында өтті.
Рәсімге Грекия Республикасының Президенті Константинос Тасулас, дипломатиялық миссиялардың басшылары және Ежелгі Олимпияның бауырлас қалаларының ресми өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан құрметті қонақ ретінде Тараз қаласының әкімі Бахытжан Орынбеков қатысты.
Сапар шеңберінде Елші Т. Сұлтанғожин мен Әкім Б. Орынбеков Ежелгі Олимпия муниципалитетінің мэрі Аристидис Панайотопулоспен кездесу өткізді. Елші Қазақстан тарапын рәсімге шақырудың маңыздылығын атап өтті және Қазақстан мен Грекия арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтудың өзектілігін ерекше белгіледі.
Тараптар сондай-ақ мәдени ынтымақтастықты дамыту және бауырлас қалалар арасындағы байланыстарды тереңдету перспективаларын, оның ішінде мәдени алмасу мен жастар бастамалары саласындағы жобаларды талқылады. Ежелгі Олимпия мэрі муниципалитеттің Тараз қаласымен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.
Анықтама: Ежелгі Олимпия – әрбір Олимпиада ойындары қарсаңында Олимпиада алауын жағу рәсімі өткізілетін дәстүрлі орын.
2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылғы 6–22 ақпан аралығында Италияда өтеді. Негізгі жарыстар Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында ұйымдастырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1113297?lang=kk