Аққайың ауданының Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығында халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету акциясын өткізілді.
27.11.2025 11:01:44 620
«Заң және Тәртіп» нарративі аясында 2025 жылғы 26 қарашада нотариус Пыльская Н.В., адвокат Калиева А.М. және мәжбүрлеп орындату жөніндегі ауданаралық аумақтық бөлімнің №2 бөлімінің аға сот орындаушысы Байтеленов М.С. Аққайың ауданының Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығында халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету акциясын өткізді.
Іс-шара барысында азаматтарға өзекті құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау тәртібі мен тетіктері түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1113527?lang=kk