үшінші елдерден әкелінген автомобильдерді декларациялау
27.11.2025 11:11:18 72
Үшінші елдерден әкелінген автокөліктерді декларациялау
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 343-бабының 1-тармағына сәйкес жеке пайдалану үшін әкелінетін көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы кез келген тәсілмен өткізілген жағдайда кедендік декларациялауға жатады, ЕАЭО мүше мемлекеттерінде тіркелген көлік құралдарын қоспағанда
343-баптың 3-тармағына сәйкес, жеке пайдалану үшін әкелінетін тауарларды, соның ішінде Кодекстің 346-бабына сәйкес кедендік транзит рәсіміне орналастырылатын тауарларды декларациялау жолаушылардың кедендік декларациясын (ЖКД) пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Кодекстің 339-бабының 7-тармағына сәйкес , егер жеке тұлғалар ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарлар 39-тарауға сәйкес жеке пайдалану тауарларына жатқызылмаса, онда бұл тараудың ережелері қолданылмайды. Мұндай тауарлар Кодекстің басқа тарауларына сәйкес тәртіппен және шарттармен өткізіледі .
Осыны ескере отырып, ЕАЭО-ның сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасында 8702, 8703, 8704 21 және 8704 31 тауар позицияларына жатқызылған көлік құралдарын (бұдан әрі – автомобильдер) жеке тұлғалар үшін үшінші елдерден ЕАЭО-ның Қазақстан бөлігіне әкелу кезінде кедендік декларациялау мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:
Жеке пайдалану үшін әкелінген жағдайда – жеңілдетілген тәртіппен жолаушылардың кедендік декларациясын (ЖКД) тапсырып және 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешіміне сәйкес қосымша 2-де белгіленген мөлшерлемелер бойынша біріктірілген кедендік төлемді төлеу арқылы жүзеге асырылады;
Кәсіпкерлік қызмет үшін әкелінген жағдайда – тауарларға декларация (ТД) тапсырып, ішкі тұтынуға шығару кедендік рәсіміне орналастыру арқылы жүзеге асырылады, мұнда: кедендік декларациялау үшін төлем , салықтар және ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифі бойынша баждар төленеді (ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №80 шешімі) ;
немесе Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) төмендетілген мөлшерлемесі бойынша баждар төленеді (ЕЭК Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы №59 шешімі).
#Кеден #АвтоИмпорт #КеденРеттеу #ЕАЭО #Қазақстан #АвтокөлікДекларациясы #ИмпортАвто #АвтоКеден #КеденКЗ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1113612?lang=kk