Қасым-Жомарт Тоқаев Qatar Sports Investment және Premier Padel әлемдік кәсіби турының төрағасы Нассер Әл-Хулейфиді қабылдады.
27.11.2025 14:20:30 211
Қасым-Жомарт Тоқаев Qatar Sports Investment және Premier Padel әлемдік кәсіби турының төрағасы Нассер Әл-Хулейфиді қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстанда падел спортының перспективасы және халықаралық деңгейде турнирлерді өткізу мәселелері талқыланды.
Футболды дамыту мәселесіне орай Мемлекет басшысы елімізде футбол клубтарын жекешелендіру шаралары жүргізіліп жатқанына назар аударып, футболды насихаттауға қосқан үлесі үшін Нассер Әл-Хулейфиге алғыс айтты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1113840?lang=kk