Hunan Architectural Design Institute Group Co., Ltd. (ҚХР) компания өкілдерімен кездесу өтті

Hunan Architectural Design Institute Group Co., Ltd. (ҚХР) компания өкілдерімен кездесу өтті

27.11.2025 15:27:13 446

Hunan Architectural Design Institute Group Co., Ltd. (HD) компаниясы - Қытайдағы жетекші жобалау ұйымдарының бірі. Компания архитектуралық және қалалық жоспарлау, коммуналдық инфрақұрылым, инженерлік-консалтингтік қызметтер мен жобаларды басқару бағыттарында толық циклді қызмет көрсетеді.

Институттың портфелінде Қытайдың 29 провинциясында және шамамен 48 елде жүзеге асырылған 17 900-ден астам жоба бар. Елеулі жобаларының қатарында Чанша әуежайы, Хунань мұражайы, Хэ Лун стадионы және Чанша IFS кешені аталды.

Кездесу тараптардың ықтимал ынтымақтастық бағыттарын талқылаумен аяқталды, соның ішінде жобалау саласындағы тәжірибе алмасу, бірлескен инфрақұрылымдық бастамалар және болашақта ортақ жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды.