Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы

Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы

27.11.2025 17:21:57 111

Ақмола облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Салық кодексіне корпоративтік табыс салығы (КТС)  және жеке табыс салығы (ЖТС)   мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы»  тақырыбында брифинг өтті.

Брифинг барысында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шайкенов жаңа Салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетінін еске салды.

Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ елімізде қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстандағы көздерден табыс алатын бейрезидент заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын (КТС) төлеушілер болып табылады.

Мемлекеттік мекемелер корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.

КТС төлемейтіндердің қатарынан мемлекеттік орта білім беретін оқу орындары алынып тасталды.

Жылдық жиынтық кіріске енгізілмейтін кірістер мен экономикалық пайда жеке баптар бойынша бөлінген.

КТС сараланған ставкалары белгіленді

Жекелеген қызмет түрлерін қоспағанда, КТС ставкасы салық салынатын табыстың 20% мөлшерінде белгіленген:

Банк қызметінен (бизнесті кредиттеуді қоспағанда) - 25%;

Ойын бизнесінен-25%;

әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметінен (білім беру, медицина) – 2026 жылдан бастап – 5 пайыз, 2027 жылдан бастап – 10 пайыз.

ауыл шаруашылығы өнімін, балық шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар алған ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметтен – 3 пайыз; 

ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметінен – 6 пайыз мөлшеріндегі ставкалар қарастырылған.

Мүгедектігі бар адамдардың ұйымдарына салық салу жөніндегі жеке бап пайда болды

Мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлғалар мүгедектігі бар адамдардың ұйымдарына жатады:

- мүгедектігі бар адамдардың орташа жылдық саны жұмыскерлердің жалпы санының кемінде 51 пайызын құрайды;

- мүгедектігі бар адамдардың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемінде 51 пайызын құрайды.

Бұл ұйымдары корпоративтік табыс салығының сомасы бойынша жеңілдікті қолданады, егер:

1) кірістердің 90 пайызы ұйымның жұмыскерлері болып табылатын мүгедектігі бар адамдардың қатысуымен тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден және алынған кірістерді осындай ұйымның қызметін жүзеге асыруға жіберуден алса;

2) мүгедектігі бар адамдар ұйымының жұмыскерлері болып табылатын мүгедектігі бар адамдар мүгедектігі бар адамдардың басқа ұйымдарымен еңбек қатынастарында тұрмаса.

Осы талаптар сақталса, КТС мынадай мөлшерде азайтады:

1) мүгедектігі бар адамдар болып табылатын жұмыскерлер саны 3-тен 10-ға дейін болған кезде есептелген корпоративтік табыс салығын 50 пайызға азайтады;

2) мүгедектігі бар адамдар болып табылатын жұмыскерлер саны 10 және одан көп болған кезде есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.

Алынатын табыс түріне қарай жеке табыс салығының сараланған мөлшерлемелері қарастырылған.

Жеке тұлғалардың табыстарына ЖТС ставкаларының мынадай прогрессивті шкаласы бойынша салық салынады:

-күнтізбелік жылда 8 500 еселенген АЕК-ке дейін (35 млн. теңге) – 10%;

күнтізбелік жылда 8 500 еселенген АЕК-тен (35 млн.теңге) асқан кезде – табыстан 8 500 еселенген АЕК-ке дейін 10% (35 млн. теңге) + осындай сомадан асқан кезде 15%.

Зейнетақы төлемдері мен біржолғы зейнетақы төлемдері үшін ЖТС салудан босату көзделген.

Брифинг барысында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1114122?lang=kk