ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАНДАР үшін МАҢЫЗДЫ ЖАҢАЛЫҚ!
27.11.2025 17:21:59 104
Қазақстан Республикасының Үкіметі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін (АСР) қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін бекітті.
ҚР Үкіметінің № 994 қаулысы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл шешім табысты заңдастыру және салықтық әкімшілендіруді жеңілдету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады!
Енді сіз келесі қызмет түрлерімен айналыссаңыз, жеңілдетілген режимде жұмыс істей аласыз:
- Такси қызметі
- Дайын тағамды тапсырыс бойынша жеткізу
- Жеке тұрғын үй жылжымайтын мүлкін жалдау және басқару
- Фотография саласындағы қызмет
- Спорт және демалыс саласындағы білім беру
- Шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтерін көрсету
- Компьютерлерді, аяқ киімді, зергерлік бұйымдарды және жиһаздарды жөндеу
Ескеретін маңызды нюанстар:
- Қосалқы коммерциялық қызмет (ЖСЭҚ 82990) тек қана интернет-платформалар арқылы көрсетілетін қызметтерге ғана рұқсат етілген.
- Басқа пошта және курьерлік қызмет (ЖСЭҚ 53200) басқа пошта қызметінен басқасына рұқсат етілген.
Өзіңіздің ЖСЭҚ кодыңызды тексеріңіз! 40 тармақтан тұратын толық тізбе № 994 қаулымен бекітілді. https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2500000994
2026 жылдан бастап табысыңызды оңай заңдастырыңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1114119?lang=kk