Мектепке дейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастық
28.11.2025 08:01:02 156
Мектепке дейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастық
Ү.ж. 27 қарашасында KazAID Басқарма Төрағасы Аркен Арыстановтың БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Тәжікстандағы Өкілі Артур ван Дизенмен оның Қазақстанға сапары аясында кездесуі өтті.
Әңгімелесу барысында тараптар Тәжікстан Республикасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарын, мектепке дейінгі білім беру және ерте жастағы балаларға күтім жасау жүйесін қаржыландыру мәселелерін, сондай-ақ ұйымдар арасындағы әріптестік перспективаларын талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1114456?lang=kk