Ақай ауылдық округі мен Байқоңыр қаласындағы жобалар аудан әкімінің бақылауында
28.11.2025 09:41:01 81
Аудан әкімі Жандос Еркінбек жұмыс сапары аясында Ақай ауылдық округі мен Байқоңыр қаласындағы нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады.
Алдымен аудан басшысы Ақай ауылындағы «Төле би, Жанқожа батыр және К.Күншығаров» көшелерінде жүргізілген орташа жөндеу жұмыстарын қадағалады. Жөндеу жұмыстары биылғы жылдың қазан айында басталып, бүгінде толық аяқталды. Қазіргі таңда көшелерге жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ аудан әкімі Ақай ауылдық округіндегі Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты. Кешенде бүгінгі таңда баскетбол, волейбол, таеквандо, үстел теннисі және басқа да спорт түрлерінен 212 оқушы тұрақты жаттығады. Аудан әкімі балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына жасалған жағдаймен танысып, аталған орталықтың жұмысын бағалады.
Жұмыс сапары барысында Жандос Еркінбек Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысын бақылады. Қазір тұрғын үйлерде ішкі әрлеу және ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын толық аяқтау ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына жоспарланған.
Аудан әкімі барлық нысандар бойынша мердігер мекемелерге жұмысты сапалы орындап, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1114534?lang=kk