Төретам кентіндегі жүргізіліп жатқан құрылыс-жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізілді

Төретам кентіндегі жүргізіліп жатқан құрылыс-жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізілді

28.11.2025 09:41:06 75

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Төретам кентіне жұмыс сапарымен барып, маңызды инфрақұрылымдық нысандардың барысын бақылады.

Алдымен аудан басшысы «Төретам теміржол вокзалындағы» жөндеу жұмыстарының қарқынын тексерді. Қазір вокзалдың сыртын қаптау жұмыстарының орындалуда. Ішкі демонтаж жұмыстары толығымен аяқталған. Аудан әкімі халыққа қолайлы қызмет көрсету- басты мақсат екенін атап өтіп, жұмыстың сапалы орындалуын жауапты сала мамандарына тапсырды.

Сондай-ақ Төретам кентіндегі барлық көшелердің жай-күйі мен балалар ойын алаңдары да назардан тыс қалмады.

Сапар барысында аудан әкімі аудандық маңызы бар «Төретам–Ақай» айналма автомобиль жолының (Бармин көшесі) жөндеу жұмыстарын да бақылады. Ұзындығы 5,3 шақырым болатын жолға күрделі жөндеу жүргізілуде. Бүгінде жол жиегіне тас төсеу және жол белгісін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аудан әкімі жауапты мердігерлерге жұмыстың сапасына ерекше мән беруді және бекітілген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1114532?lang=kk